Елорда
1 мин оқу 20

Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді

<p>Астанада Наурыз мейрамына орай ауқымды дрон-шоу ұйымдастырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді

Елорда әкімдігінің ақпарынша, 21 наурыз күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Қазақ Елі» алаңында қала аспаны ерекше жарық сахнасына айналады. Тұрғындар мен қала қонақтарына ұлттық нақыштағы анимациялық композициялар ұсынылады.

Әкімдік мәліметінше, әуе кеңістігінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін символдар мен көріністер көркем түрде өріледі. Дрондар арқылы жасалған бұл көріністер заманауи технология мен ұлттық мазмұнның үйлесімін көрсетпек.

Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді

Айта кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында елордада 200-ден астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында мерекелік концерттер, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер мен түрлі шеберлік сабақтары бар.

Бөлісу:
Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар