Оқиға
1 мин оқу 20

Шахтинскіде көпқабатты үйде газ жарылды: 8 адам зардап шекті

<p>Шахтинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылды. Бұл туралы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Шахтинскіде көпқабатты үйде газ жарылды: 8 адам зардап шекті

Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап төрт минут ішінде оқиға орнына жеткен. Жарылыс салдарынан өрт тұтанып, пәтер ішіндегі жиһаз бен тұрмыстық заттарды шарпыған. Жоғарғы қабаттарда қалған 5 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындардың бір бөлігі өз бетімен сыртқа шықса, енді бірін полиция қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірген.

Щучинсктегі жарылыстан қайтыс болғандар саны тоғызға жетті

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, олардың 5-і – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілген. Өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Ақтөбеде газ құю стансасында жарылыс болды

Қазір жарылыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Шахтинскіде көпқабатты үйде газ жарылды: 8 адам зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар