Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Нариманның мәлімдеуінше, ажалмен арпалысқан науқастардың денесін 70-85 пайызға дейін ауыр күйік шалған. Ақ халатты абзал жандардың бар күш-жігерін салып, реанимациялық шаралар жүргізгеніне қарамастан, жарақаттың тым ауырлығынан оларды аман алып қалу мүмкін болмады.
«Кеше Щучинск аудандық ауруханасында ауыр жарақат алған бір науқастан айырылдық. Бүгін, өкінішке қарай, денесінің 85 пайызы күйген тағы бір пациентіміз көз жұмды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ асқынулардың тым ауырлығы әсер етті. Қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», деді Ермек Нариман.
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпан күні дәмханадағы газ баллонының
жарылыс болды. Қазіргі уақытта 6 науқас Щучинск пен облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бес адам санавиациямен Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығына жеткізілген. 8 тұрғын аудандық ауруханада амбулаторлық ем алуда.