Атырауда мерекелік іс-шара кезінде 78 бала жоғалып кеткен
<p><strong>Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жергілікті полиция балалардың барлығы дереу табылып, заңды өкілдеріне табысталғанын мәлімдеді. Жоғалып кеткен балалардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталған.
Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді. Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасымен қауыштырды.
Мұндай оқиғаларға байланысты полиция ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

