Алдағы екі тәулікте ауа райы құбылмалы болады
<p data-start="83" data-end="190">«Қазгидромет» Қазақстан бойынша 2026 жылғы 24-26 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде, сондай-ақ кей күндері солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.
Республика бойынша тұман түсуі мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ сақталады.
Ауа температурасы күндіз:
- батыста +13…+23°С,
- солтүстік пен шығыста +9…+14°С,
- орталықта +10…+22°С,
- оңтүстікте +18…+28°С,
- оңтүстік-шығыста +12…+22°С болады.