Алдағы күндері қай өңірлерде күн күрт жылынады?
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-sfc-root="c" data-sfc-cb="" data-hveid="CAEIBhAA" data-complete="true" data-processed="true">Синоптиктер 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн жылынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Болжам бойынша, еліміздің оңтүстігінде термометр бағаны +30°С-қа дейін көтеріледі. Алайда батыс өңірлерде және оңтүстіктің таулы аймақтарында кей күндері найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Өңірлердегі күндізгі температура:
- Оңтүстікте – +23…+30°С;
- Батыста – +18…+27°С;
- Орталықта – +15…+25°С;
- Шығыста – +12…+20°С;
- Солтүстікте – +10…+17°С.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанған.
Еске сала кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.