Ауа райы • Бүгін, 09:21

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 27 наурызда Астана қаласы мен Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астанада түнгі және таңғы уақыттарда жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Абай облысында түнде өңірдің солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысында солтүстік пен орталықта шығыстан соққан жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының батысында тұман түседі. Шығысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысында жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, шығысында және таулы аймақтарында екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Сонымен қатар облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман байқалады. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында тұман болады. Оңтүстігінде желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, түнгі және таңғы уақытта жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Маңғыстау облысында батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысында тұман түсіп, кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53