Ертең елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады
<div class="description">«Қазгидромет» Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 29 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </div>

Болжамға сәйкес, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
«Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» мәліметінде.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі, солтүстікте көктайғақ, батыста, оңтүстікте және орталықта желдің күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында және Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
