Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
<p>Астана қаласында жылу маусымы жақын күндері тоқтатылуы ықтимал. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ережеге сәйкес, сыртқы ауа температурасы қатарынан бес күн бойы +10°C-тан жоғары болған жағдайда жылу беру тоқтатылады. Синоптиктердің болжамынша, осы аптада елордада негізінен жылы ауа райы күтіліп, орташа температура +16°C шамасында болады.
Осыған байланысты жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін. Дегенмен, 15 сәуірден кейін ауа температурасы төмендеп, +7°C пен +11°C аралығында болады деп болжанып отыр.
Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы Астанада жылу 21 сәуірде өшірілген болатын. Ол кезде де суық күндердің жақындағанына қарамастан, жылу маусымы аяқталған.
