Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
<p>Бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматына көшу бірден емес, кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа тест жүйесін бірден енгізу мүмкін емес, себебі ол үшін мектептегі білім беру мазмұнын да жаңарту қажет. Сол себепті жаңа формат қолданыстағы ҰБТ-мен қатар қанатқақты жоба түрінде енгізіледі.
Министрліктің айтуынша, егер жаңа тестті таңдаушылар саны белгілі бір деңгейге жетсе, онда қазіргі формат біртіндеп қолданудан шығарылады. Яғни бұл – жүйелі және біртіндеп өтетін процесс.
Жаңа форматқа көшу шамамен 5 жыл ішінде жүзеге асады. Ал алғашқы сынақ нұсқасы алдағы жылдары пилоттық режимде іске қосылады.
Жаңа тест халықаралық стандарттарға сай болуы үшін Қазақстан АҚШ-тың ETS (Educational Testing Service) компаниясымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
Наурыздағы ҰБТ: Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов 140 балл жинады
Қысқасы, қазіргі ҰБТ бірден жойылмайды, ол жаңа жүйе толық енгізіліп, қабылданғанға дейін кезең-кезеңімен қолданыста бола береді.
