Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-sfc-root="c" data-sfc-cb="" data-hveid="CAEIAxAA" data-complete="true" data-processed="true">Тенннисші Александр Бублик Монте-Карлода өтіп жатқан беделді «Мастерс» сериясының турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>
Жарыстың екінші айналымында сегізінші нөмірде өнер көрсеткен отандасымых Франция өкілі Гаэль Монфисті қапы қалдырды. Әлемнің бұрынғы алтыншы ракеткасымен өткен кездесу 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды. Тартысты бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.
Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді
Енді турнирдің келесі кезеңінде Александр Бублик Иржи Легечка (Чехия) мен Алехандро Табило (Чили) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

