Тағайындау
1 мин оқу 40

Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды

<p><strong>Үкіметтің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ербол Тұяқбаев 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 

2013-2018 жылдары – ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2019-2020 жылдары – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ БАҚ, «Astana» ӘКК» акционерлік қоғамында қызмет етті.

2020-2023 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды · Egemen Qazaqstan