Оқиға
1 мин оқу 50
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
<p><strong>Қостанай облысында ірі жол апаты болып, салдарынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 106-шақырымында болған. Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Бөлісу: