Қоғам
1 мин оқу 80
15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
<p><strong>Қазақстанда ертең теледидар мен радио хабарлары уақытша жұмыс істемейді. «Казтелерадио» компаниясы өкілдерінің мәліметінше, аталған жұмыстар хабар тарату сапасын арттыру үшін қажет, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Казтелерадио» компаниясы көрермендер мен тыңдармандарды жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін туралы алдын ала ескертеді. Хабар тарату 3:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.
Осы уақыт аралығында спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердегі техникалық құралдарда сервистер уақытша жабылады. Соның салдарынан ел аумағы бойынша телерадиоарналардың ретрансляциясы тоқтатылады.
Бөлісу: