«Қазтелерадио» жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілетінін мәлімдеді.
«Жұмыстарды жүргізу кезінде «OTAU TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлы және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін», делінген хабарламада.
Айта кетейік, алдын алу шаралары 28 қаңтарда өтуі тиіс еді, бірақ олардың уақыты кейінге қалдырылды.