Әлем
2 мин оқу 60

Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті

Түркияның Шанлыурфа провинциясында мектепте қарулы шабуыл болып, 16 адам зардап шекті. Оқиға Ахмет Коюнджу атындағы Анатолия кәсіби-техникалық лицейі аумағында болған. Мәліметтерге сәйкес, 19 жастағы жігіт алдымен мектеп ауласында, кейін ғимарат ішінде ұзын ұңғылы қарумен оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті

Атыс басталған сәтте мектепте дүрбелең туып, кейбір оқушылар терезеден секіріп қашуға тырысқан. Оқу орны тез арада эвакуацияланды.

Провинция губернаторы Хасан Шылдак шабуыл салдарынан 16 адамның жараланғанын айтты. Олардың ішінде 4 мұғалім, 10 оқушы, асхана қызметкері және бір полицей бар. Төрт адамның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

АҚШ-та Ақ үй маңында атыс болды

Шабуыл жасаған адам бұрын осы мектепте оқыған, бірақ кейін басқа оқу орнына ауыстырылғаны белгілі болды. Полиция қоршауға алған кезде, ол ұсталып қалатынын түсініп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдың себебі оның басқа мектепке ауыстырылуына байланысты наразылық болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті · Egemen Qazaqstan