Экономика
1 мин оқу 60

Биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағы сатып алынады

<p>Еліміздегі көлік паркін жаңарту бағытында биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағы сатып алынады

Министрдің сөзінше, биылғы жылы 11 мың шақырым автомобиль жолына құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, теміржол саласында «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» жаңа желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл желінің өткізу қабілетін арттырып, елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік бермек.  

SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?

Сонымен қатар, көлік паркін жаңартуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта 2026 жылы 9 әуе кемесін сатып алу жоспарланған. Жыл басынан бері 3 ұшақ алынды: Air Astana – 1, SCAT Airlines – 2.

Енді Катонқарағайға ұшақпен жетесіз

Бұдан бөлек биыл жүк тасымалы саласында жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстарына ден қойылып отыр. Аталған шараларды іске асыру көлік саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

Нұрболат АМАНБЕК

Бөлісу:
Биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағы сатып алынады · Egemen Qazaqstan