Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
<p><strong>Допинг қолданғаны үшін бір жылға үлкен спорттан шеттетілген орта салмақтағы қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (17-0) P4P рейтингінде бесінші орында тұр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алғашқы төрт сатыға жапониялық Наоя Иноуэ (32-0), украиналық Александр Усик (24-0) және америкалық Теренс Кроуфорд (42-0) пен Шакур Стивенсон (25-0) жайғасты.
ТОП-10-дықтың қатарына украиналық Дмитрий Бивол (24-1), аустралиялық Джай Опетая (30-0), мексикалық Сауль Альварес (63-3-2) және АҚШ-тың қос дүлдүлі – Джесси Родригес (23-0) пен Давид Бенавидес (31-0) еніп отыр.
Еске салайық, Әлімханұлының ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпарат 2025 жылдың желтоқсанында жарияланды. Ал World Boxing Organization орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жектерден 1 жылға шеттетті.