«Алтыналмас» акциялары AIX биржасында саудаға шықты
<p>Astana International Exchange биржасы асыл металдар өндіруші «Алтыналмас» АҚ компаниясының акцияларының сауда-саттыққа жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алтыналмас» АҚ 1993 жылы құрылған. Компания құнды метал өндіру көлемі бойынша да, ресурс базасының ауқымы бойынша да Қазақстандағы алтын өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Компанияның активтері Қазақстанның 5 өңірінде орналасқан: Жамбыл, Қарағанды, Абай, Ақмола және Павлодар облыстарында.
«Алтыналмас» компаниясы Қызылордада 20 млрд теңгеге заманауи кітапхана салады
AIX алаңындағы сауда-саттыққа 11 957 626 қарапайым акция және 5 267 артықшылықты акция жіберілді.
«Алтыналмас» компаниясы аймақ оқушыларын қолдау дәстүрін жалғастырады
Рұқсат беру AIX Листинг қағидаларының 25-бабына сәйкес тікелей листинг форматында жүзеге асырылды. Бұл формат қолданыстағы акционерлерге AIX алаңында өз акцияларымен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді.
Нұрболат АМАНБЕК
