Елорда
1 мин оқу 90
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
<p style="text-align: left;"><strong>Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT желісі жақын апталарда іске қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қала әкімінің айтуынша, жобаның ресми ашылу күні әзірге нақты бекітілмеген. Дегенмен іске қосу алдында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған қысқа пресс-тур өткізу жоспарланған.
«Біз 2-3 апта ішінде LRT-ны іске қосамыз деп үміттенеміз», деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ ол жеңіл рельсті көлік бойынша барлық сынақ жұмыстары сәтті өткенін атап өтті.
Еске салайық, аталған жоба елордадағы көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.
Нұрболат АМАНБЕК
Бөлісу:
