Экономика
1 мин оқу 70

Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады

<p>Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 108,31 долларды құрады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 21:32-дегі мәлімет бойынша барреліне 108,31 долларды құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттық жабылуымен салыстырғанда 2,05 долларға (1,89%) төмен.

Ал Нью-Йорк тауар биржасы − NYMEX-те маусым айына арналған WTI мұнай фьючерстері 2,91 долларға (2,82%) қымбаттап, барреліне 102,12 долларға жетті.

Әлемдік нарықта мұнай 5 пайызға қымбаттады

Еске салайық, бұған дейін 2 мамырға арналған шетел валюталарының теңгеге қатысты ресми бағамдарын жариялаған едік.

Бөлісу:
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады · Egemen Qazaqstan