Оқиға
1 мин оқу 110

Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды

<p>Астананың мешіттерінің бірінде қымбат брендтік күрте ұрлығы ашылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды

Тергеу барысында ер адамның Астананың мешіттерінің біріне келіп, дәлізде ілініп тұрған киімдерінің арасынан қара түсті, «Moncler» брендінің әйелдерге арналған күртешесін ұрлағаны анықталды. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құраған. 

Мешіттен 175 мың теңгелік аяқ киімді ұрлап кеткен күдікті ұсталды

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», делінген Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.

Бөлісу: