Оқиға
1 мин оқу 50

«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады

<p><strong>Өскемен қаласындағы &laquo;Казцинк&raquo; зауытында болған жарылыс пен өрттен кейін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады

Полиция мәліметінше, тергеу еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза болуы фактісі бойынша басталған.

«Оқиға орнында тергеу-жедел топтар іске кірісті, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін бірден тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі зауытта жарылыс болғанын хабарлады. 

Кейіннен жарылыстан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам қаза тапқаны белгілі болды. 

Сондай-ақ зауытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алғанын айтты.

Бөлісу: