Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
<p><span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Астана</span></span> қаласында «Медеу», «Қарталы», «Ақан сері» және «Сарыбұлақ» аялдамаларына уақытша кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осыған байланысты бірнеше автобус бағыты аталған аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіру жұмыстарын уақытша тоқтатты.

«Сарыбұлақ» аялдамасында №58, 120А, 46, 39, 65, 54, 4, 8, 120 және 16 бағыттары тоқтамайды.
Ал «Медеу» мен «Карталы» аялдамаларында №71, 120А, 46, 65, 54, 81, 4, 64 және 69 автобустары уақытша жүрмейді.

«Ақан сері» аялдамасында №58, 501, 46, 120А, 39, 65, 64, 4, 120, 8, 16 және 69 маршруттарының аялдауы шектелді.
Шектеудің нақты қашан аяқталатыны әзірге хабарланған жоқ.
