8 мамырға арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
<p><strong>8 мамыр күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күндіз 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C жылы болмақ.
Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланып, таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сонымен қатар күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +36°C-қа дейін көтеріледі.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +30...+32°C-қа дейін ысиды.
Шымкентте де жауын-шашын болмайды. Күндіз +33...+35°C аптап ыстық күтіледі.
Ақтауда, Ақтөбеде және Атырауда күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Қарағанды, Көкшетау, Павлодар және Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай мен Петропавлда күн райы құбылып, жауын-шашын түседі.
Ал Жезқазған, Қонаев, Қызылорда, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Өскемен қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн айтарлықтай ысиды. Таразда күндіз ауа температурасы +34...+36°C, Түркістан мен Шымкентте +33...+35°C-қа дейін жетеді.
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады