Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
<p>Әлемнің екінші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі <span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Елена Рыбакина</span></span> Римде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жоғары рейтингтің арқасында Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, онда грек теннисшісі Мария Саккаринді (WTA рейтингінде 47-орын) 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Үшінші айналымда Қазақстан теннисшісі филиппиндік Александра Эаламен (WTA рейтингінде 42-орын) кездеседі.
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Елена Рыбакина 2023 жылы Римдегі турнирдің чемпионы атанған болатын. Биылғы жарыста ол екінші нөмірмен тіркелген. Турнир жеңімпазы 1 055 285 еуро сыйақы алып, рейтингке 1000 ұпай қосады.
Римде Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик те сәтті бастады. Ол аргентиналық Себастьян Баесті (ATP рейтингінде 65-орын) 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Келесі айналымда Бублик америкалық Лёрнер Тьенмен (ATP рейтингінде 21-орын) ойнайды.

