Оқиға
2 мин оқу 40

Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды

<div class="relative w-full overflow-visible"><span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Жетісу облысы</span></span>ның Қаратал ауданында полиция қызметкеріне қол көтерген жергілікті тұрғын екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды

Оқиға 102 нөміріне түскен шақыртудан кейін болған. Учаскелік инспектор оқиға орнына барған кезде ер адам полиция қызметкеріне агрессия танытқан. Ол тәртіп сақшысының бетінен бірнеше рет шапалақпен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алып, погондарын бүлдірген.

Прокуратура мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы сотта күдіктінің кінәсін толық дәлелдеген. Нәтижесінде сот оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылып, мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық өндірілді.

Прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы жасалған кез келген заңсыз әрекет қатаң жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 
Ал елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаға тартылды. 
Бөлісу: