Фото: Жи
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, алаяқ қажылыққа барғысы келген азаматтарға жалған әуе билеттері мен қонақүй брондарын ұсынған. Оның құрығына еліміздің әр өңірінен келген 17 тұрғын іліккен. Жәбірленушілердің арасында қарт ата-аналарын Умра сапарына жіберу үшін жылдар бойы ақша жинаған отбасылар да бар.
Сот талқылауы барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды толығымен өтеген. Сот шешімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Осы оқиғаға байланысты қалалық прокуратура азаматтарды барынша сақ болуға шақырады:
- Қажылық немесе Умра сапарын ұйымдастырумен тек арнайы лицензиясы бар туристік агенттіктер ғана айналысуы тиіс.
- Ақшаны тексерілмеген жеке тұлғалардың шотына аудару – үлкен қауіп.
- Кез келген қызмет түрін алмас бұрын ресми келісімшарт жасасу қажет.