Қазақстан
1 мин оқу 50

Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

<p><strong>Қазақстан халықаралық ынтымақтастық аясында Иран Ислам Республикасына гуманитарлық көмек жіберді. Жүк құрамында азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер бар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

Тиісті шара Қазақстанның халықаралық даму агенттігі KazAID арқылы Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Иранға жалпы жүк тиелген 30 вагон жіберілді. Гуманитарлық көмек Иран Қызыл Жарты Ай қоғамына табысталады.

«Қазақстан халқынан достас Иран халқына берілетін гуманитарлық көмек – жақын көршілік қарым-қатынастарды нығайту және өзара қолдауды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі», делінген хабарламада.

Иран Қытай кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

KazAID – Қазақстанның халықаралық даму саласындағы ресми көмек операторы саналады және Сыртқы істер министрлігіне қарасты мекеме ретінде мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Бұған дейін Әзербайжанның Иранға гуманитарлық көмек жібергенін жазған едік.

Бөлісу:
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар