Фото: Media.az
Жүк шекара бекетіне Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің көліктерімен жеткізілген. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі шамамен 30 тоннаға жеткен.
Иранға көмек ретінде азық-түлік өнімдері мен медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмек жөнелтілген. Атап айтқанда, 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам ауыз су, шамамен 600 килограмм шай және шамамен 2 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жіберілген.

Аpa.az хабарлауынша, жүк көліктері «Астара» өткізу бекетіне жетіп, Иранға бағыт алған.