Экология
1 мин оқу 50

Еліміздің ірі мегаполистерінде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» 16 мамырда Қазақстан мегаполистеріндегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің ірі мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан түнде жел жылдамдығы 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с соғады, ауа температурасы күндіз +24+26°С, түнде +5+7°С болады.

Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашын түспейді. Солтүстік-шығыстан есетін желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +20+22°С, түнде +6+8°С сақталады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан есетін желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +32+34°С, түнде +12+14°С күтіледі.

Бөлісу: