Аймақтар
1 мин оқу 60
Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды
<p><strong>ШҚО-ның Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелері бір жыл бойы өз мақсатында пайдаланылмаған.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 2092,6 га, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды», делінген хабарламада.
Жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуы мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында тұр.
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Бөлісу: