Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кетті
<p>Көкшетауда тағы бір бала көлік астында қала жаздады. Бұл жолы аула ішінде әйел адам кішкентай қызды қағып кеткен, деп хабарлайды, <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода баланың анасымен бірге кетіп бара жатқаны көрінеді. Абырой болғанда, қыз бала жеңіл жарақат алып, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.
Зардап шеккен баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты шағым түсіруден бас тартқан.
Ал полиция өкілдері жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Еске салайық, Алматы облысында көлік тізгіндеген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті.
Ақтаудағы 27-шағынауданда полиция қызметкері басқарған көлік 1,5 жастағы баланы қағып кетіп, сәби оқиға орнында қайтыс болды.
Көкшетауда әйелді қағып кеткен көлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
