Қоғам
2 мин оқу 50
Депутат заң бұзған нотариустарды лицензиясынан айыруды талап етті
<p>Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек атқарушылық жазбаларды рәсімдеу кезінде заң талаптарының өрескел бұзылып жатқанын мәлімдеп, кінәлі нотариустарды лицензиясынан айыру мәселесін көтерді. Бұл мәселе Республикалық нотариаттық палата төрағасы Олег Полумордвиновпен болған талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Депутаттың айтуынша, кейбір нотариустар борыштың барын растайтын нақты дәлелсіз-ақ атқарушылық жазба рәсімдеп келген. Оның сөзінше, мұндай әрекеттер азаматтардың құқығын бұзады әрі заң талаптарына қайшы.
Бөлісу: