Елорда
1 мин оқу 70

Астанада балалар ауруханасы өртенді: Науқастар шұғыл эвакуацияланды

<p>Астанада Қошкарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасы ғимаратының жертөлесінен өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада балалар ауруханасы өртенді: Науқастар шұғыл эвакуацияланды

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына хабарлама түсе салысымен 2 минутта жеткен. Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемеге, сондай-ақ ТЖМ мен ЖАО автобустарына орналастырылған. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылған.

– Өрт 10 шаршы метр аумақты қамтыды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.

А
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Астанада балалар ауруханасы өртенді: Науқастар шұғыл эвакуацияланды · Egemen Qazaqstan