Norway Chess Women-2026: Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді
<div class="" data-turn-id-container="0f468448-4c4d-451e-b297-c57486954741" data-is-intersecting="true">Бибісара Асаубаева Норвегияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Norway Chess Women-2026 турнирінің төртінші турында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Бибісара Асаубаева төртінші турда әлемнің қазіргі чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен кездесті. Негізгі партия тең нәтижемен аяқталғаннан кейін шахматшылар армагеддон форматында бақ сынады.
Қазақстан шахматшысы қосымша партияда ақ тастармен ойнап, 6 минут 23 секунд ішінде жеңіске жетті. Осылайша Бибісара Асаубаева 1,5 ұпай еншілеп, жалпы есептегі ұпай санын 7-ге жеткізді және турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.
Төрт турдың қорытындысы бойынша Бибісараның ең жақын қарсыласы – үндістандық шахматшы Дивья Дешмух. Оның еншісінде 5,5 ұпай бар. Ал одан кейінгі орындарда украиналық Анна Музычук пен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатыр. Екеуінде де 5 ұпайдан.
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева алғашқы турда үндістандық гроссмейстер Хампи Конеруді жеңген болатын.
