Қазақстанда үш ай ішінде алкогольсіз сусындар өндірісі 28% артты
<p>Былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 1,1 млрд литр алкогольсіз және минералды сусын өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% жоғары, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Аталған кезеңде өнім экспорты 15,8% төмендеп, шетелге 77,6 млн литр минералды су мен алкогольсіз сусын жөнелтілді.
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Сонымен қатар, осы өнім түрі бойынша импорт көлемі 34,2% өсті. Есепті кезеңде елімізге 105,2 млн литрден астам өнім жеткізілді. Импорттық сусындардың үлесі 9,5% құрады.
Осы кезеңде ішкі нарықтағы сату көлемі 1 млрд литрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,9% артты.
Ақтөбе облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады
Жалпы, Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірумен 132 кәсіпорын айналысады.