Тексеруге «The Coca-Cola Company» компаниясының ресми шағымы негіз болған. Құқық иесі өз тауар белгісінің заңсыз пайдаланылып жатқанын және нарықта шығу тегі күмәнді өнімдердің пайда болғанын мәлімдеген.
Нәтижесінде қала базарларында қолдан жасалған салқындатқыш сусындардың ірі партиясы сатылғаны белгілі болды. Сараптама барысында өнімдерде жалған белгілер, таңбалау талаптарының бұзылуы және тиісті рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталған.
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Аталған деректер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Мамандар контрафактілік өнімдер тек құқық иелеріне экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, санитарлық талаптардың сақталмауына байланысты тұтынушылар денсаулығына да қауіп төндіретінін ескертеді.
Әділет департаменті кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға шақырып, мұндай тексерулер алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.