Жарнама
 
Қоғам
2 мин оқу 40

Зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа ережесі күшіне енді

<p><strong>Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесін бекіту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа ережесі күшіне енді
Жаңа формула бойынша жинақтардың ең төменгі мөлшері, яғни салымшының жеке зейнетақы шотында мақсатты көлемдегі зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қазірдің өзінде болуы тиіс қаражат көлемі айқындалады. Сонымен қатар, болашақтағы төлемдерді есептеу кезінде инфляцияның және инвестициялық табыстылықтың әсері ескеріледі.

Зейнетақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады

Қаулыға сәйкес, ең төменгі жеткіліктілік шегі тиісті жас санаттары үшін өткен жылғы көрсеткіштен төмен болмауға тиіс. Бұл ретте ол болжамды инфляция деңгейінен бес пайыздық тармаққа жоғары қарқынмен индекстеледі.

Зейнетақы жинақтарынан алуға болатын қаражат көлемі азаяды, себебі зейнетақы шотында сақталуға тиіс ең төменгі сома ұлғайтылып отыр. Дегенмен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану тетіктері сақталады.

Қаулыға сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа әдістеме күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 2026 жылға арналған жаңартылған жеткіліктілік шектерін жариялауы керек.

Еске салайық, бұған дейін қаулының күшіне енетіні туралы хабарлағанбыз.

Бөлісу: