Оқиға
1 мин оқу 40
Астанада жүк көлігі әйелді қағып кетті
<p><strong>Астанада Ұлы Дала көшесінде, ЭКСПО аумағына жақын жерде жүк тасымалдайтын «Газель» көлігі әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Оқиғадан кейін зардап шеккен әйелдің маңына бірнеше адам жиналып, оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел қызметтердің келуін күткен.
Қазір зардап шеккен әйелдің жағдайы мен апаттың мән-жайы нақтыланып жатыр.
Құқық қорғау органдарының ресми түсініктемесі әзірге жарияланған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жасөспірімді көлік қағып кеткені туралы хабарлаған едік.
Бөлісу:

