+37 градус ыстық жолға әсер етті: Шымкент маңында ақау анықталды
<p>Шымкент қаласының солтүстік айналма жолында жолдың бетон жабынынан ақау анықталғаннан кейін жол қызметтері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы <span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">ҚазАвтоЖол</span></span> компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жол жабынындағы зақым 7 маусым күні жоспарлы тексеру барысында «Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы» автожолының 2257-шақырымында анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ақаудың пайда болуына ауа температурасының күрт көтеріліп, +35...+37 градусқа дейін жетуі себеп болуы мүмкін. Аптап ыстықтың әсерінен бетон плиталар кеңейіп, соның салдарынан жол жабынында деформация пайда болған.
Мамандар жүргізушілерден жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жылдамдық режимін сақтап, барынша мұқият болуды ескертеді.
