Футбол
1 мин оқу 80

ҚФФ мәлімдеме жасады: Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кете ме?

<p><strong>Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

ҚФФ мәлімдеме жасады: Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кете ме?

Федерация мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҚФФ Талғат Байсуфиновқа толық сенім білдіріп, оның кәсіби біліктілігін, ұлттық құраманы дамыту жолындағы еңбегін және команданы алдағы жарыстарға дайындау жұмыстарын жоғары бағалайды.

Сондай-ақ федерация БАҚ өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

ҚФФ кадрлық өзгерістерге қатысты барлық ресми ақпарат федерацияның ресми ресурстарында ғана жарияланатынын атап өтті.

Бөлісу:
ҚФФ мәлімдеме жасады: Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кете ме? · Egemen Qazaqstan