Шиеліде каналдан мәйіті табылған қыздың өліміне күдікті ұсталды
<p><strong>Қызылорда облысының Шиелі ауданында канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</strong></p>

Тергеу мәліметінше, күдікті ретінде сол ауданның тұрғыны анықталып, сот санкциясымен қамауға алынған.
Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітовтің айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды», деді ол.
Құқық қорғау органдары істің барлық жағдайын жан-жақты зерделеп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы қыздың мәйіті табылғанын жазған едік.
