Қоғам
1 мин оқу 51

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

<p>Синоптиктер 11-13 маусым күндері еліміздің біраз аумағында тұрақсыз ауа райы сақталатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады. Осыған байланысты мұнда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады. 

Алматы мен Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсерлетеді.

Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.

Еліміздің қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Ауа температурасы бірқалыпты.

Бөлісу:
Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады · Egemen Qazaqstan