Соңғы минутта соғылған гол Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады
<p>Әлем чемпионатында Кот-д’Ивуар құрамасы алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Филадельфия қаласында өткен G тобындағы Кот-д’Ивуар мен Эквадор арасындағы ойын 1:0 есебімен африкалық команданың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ойынның басым бөлігінде құрамалар тең ойын көрсетті. Екі команда да қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына гол соғуға мүмкіндік бермеді. Эквадор жылдам қарсы шабуылдарға сүйенсе, Кот-д’Ивуар допты көбірек бақылап, шабуыл ұйымдастыруға тырысты.
Жанкүйерлер ойын соңында шешуші сәттің куәсі болды. 90-минутта жалғыз мүмкіндікті мүлт жібермеген Амад Диалло дәл соққысымен Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады.
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды
Жеңісті ойын африкалық құрама үшін турнирді сәтті бастауға мүмкіндік беріп, топтағы ұпайын түгендеуге жол ашты. Бірінші турда G тобында Германия Кюрасао құрамасын 7:1 есебімен жеңіп, үш ұпаймен көш бастады. Ойыннан соң Кот-д’Ивуар да үш ұпаймен екінші орынға жайғасты.
Ал F тобындағы алғашқы матчта Нидерланд пен Жапония құрамалары жеңімпазды анықтай алмады. АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
