Спорт
1 мин оқу 50

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

<p>Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында әлем Кубогының екінші кезеңі жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан алты боксшымыздың бесеуі келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

Жарыстың алғашқы күні алты боксшымыздың бесеуі сәтті өнер көрсетті. Тек Наталья Богданованың жолы болмады. Ол Азия ойындарының чемпионы, шаршы алаң иесі Зио Баоға 1-4 есебімен ұтылып қалды. Қалған қыз-жігіттеріміз қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

60 келі. 1/16 финал.

Серік Теміржанов - Денис Брил (Германия) - 5:0

90 келі. 1/8 финал.

Нұрбек Оралбай - Гичшае Ким (Оңтүстік Корея) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

80 келі. 1/16 финал.

Сабыржан Аққалықов - Хиабао Уанг (Қытай) - 5:0

+90 келі. 1/8 финал.

Айбек Оралбай - Нажай Райт (АҚШ) - 5:0

+80 келі. 1/4 финал.

Дина Исламбекова - Лиона Дарси (Ирландия) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

75 келі. 1/8 финал.

Наталья Богданова - Зио Бао (Қытай) - 1:4

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Бөлісу: