«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
<p>16 маусымда 2026/2027 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, осы турнирге қатысатын «Қайрат» өз қарсыласын анықтап алды. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Чемпиондар лигасындағы бірінші ойында «Сутьескамен» кездеседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жеребе нәтижесінде Рафаэль Уразбахтиннің командасына Черногорияның «Сутьеска» клубы қарсылас атанды. Бірінші матч Алматыда өтеді. Жауапты кездесу Черногория чемпионының алаңында болады. Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 7-8 және 14-15 шілдеде өтеді. Ойындардың нақты кестесін УЕФА клубтық турнирлер комитеті кейінірек жариялайды.
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Қайрат» төрт іріктеу кезеңінен өтіп, «Астанадан» кейін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсеткен Қазақстанның екінші клубы атанды.
Бұл кезеңде алматылықтар сегіз ойынның жетеуінде жеңіліп, тек қана «Пафоспен тең тарқасқан еді.
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды