Экономика
1 мин оқу 40
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
<p>Қазақстан шетелден бидай әкелуге қайтадан шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Құжатқа сәйкес, бидайды автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы импорттауға алты ай мерзімге тыйым салу ұсынылған.
Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден, сондай-ақ басқа елдерден жеткізілетін бидайға да қатысты болады.
Сонымен қатар бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Теміржол арқылы бидайды құс фабрикалары, ұн тарту кәсіпорындары, лицензияланған элеваторлар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы импорттай алады.
Бөлісу: