Қазақстан • Бүгін, 19:30

Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Моңғолияның бидайға деген қажеттілігін толық жабуға дайын. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді

Оның айтуынша, Қазақстан тарапы қажетті көлемді жеткізу бойынша өз ұсыныстарын енгізген. Сонымен қатар Азық-түлік келісімшарт корпорациясы да бұл жұмысқа қатысуға дайын.

Қазіргі таңда нақты қанша көлемге сұраныс болатыны Моңғолия тарапынан күтілуде. Сол мәліметтер белгілі болғаннан кейін ғана жеткізу мәселесі толық нақтыланады.

Соңғы жаңалықтар