Жарнама
 
Спорт
1 мин оқу 50

Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?

<p>Бүгінгі түнде әлем чемпионатының топтық кезеңдеріндегі үш ойын өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?

Оған дейін футбол жанкүйерлері кешкі сағат 22:00-де Португалия мен Конго Демокартиялық Республикасы арасындағы ойынды тамашалайды.

Қазақстан уақыты бойынша түнгі сағат 1-де L тобында өнер көрсететін Англия құрамасы Хорватия командасымен бақ сынайды. Осы топтағы Гана мен Панама футболшылары да өзара мықты анықтайтын болады. Бұл ойын таңғы сағат 4-те басталады.

Ал К тобындағы Өзбекстан құрамасы алғашқы ойынын Колумбия командасымен өткізеді. Көрші елдің футболшыларына қолдау білдіретін жанкүйерлер, таңертеңгі сағат 7-де көгілдір экранның алдына жайғасса болады.

Естеріңізге салайық, әлем чемпионатының ойындарын отандастарымыз Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирден көре алады.

Бөлісу:
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар? · Egemen Qazaqstan